"Жолдан жүгіріп өткен": Астанада баланы көлік қақты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 19 тамызда Астанада жол-көлік оқиғасынан бала зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық полицияға сілтеме жасап.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Changan автокөлігінің жүргізушісі Тұран даңғылымен келе жатқан. Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында бағдаршамның рұқсат беретін белгісінен оңға бұрылу кезінде жолдың белгіленген жерінен жүгіріп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деп нақтылады полиция.
Астана қалалық ПД ақпараты бойынша, кәмелетке толмаған жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2414931-zholdan-zhugirip-otken-astanada-balany-kolik-qaqty/
