Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жетісу облысында болған жол-көлік оқиғасы бір адамның өмірін қиды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram-дағы taldykorganec_kolesa парақшасында Талдықорған - Текелі тасжолында болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат жарияланды. Кадрлардан екі көліктің қатты зақымданғанын көруге болады.
Жетісу облыстық полиция департаменті жазбаға пікір қалдырып, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - деп түсіндірді полиция.
Полиция жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және қиылыстардан өту кезінде барынша сақ болуға, қарсы бағыттағы көлікке жол беруге және қауіпсіз жылдамдықты таңдауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2415177-zhetisu-oblysynda-zhol-apatynan-bir-adam-qaza-tauyp-usheui-auruhanaga-tusti-video/
