jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Көлікке, аялдама киоскісіне соғылды": Алматыда жүк көлігі жол апатына ұшырады (видео)

    Жол-көлік оқиғасы болған жер.
    Жол-көлік оқиғасы болған жер. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_kz

    Алматыда жүк көлігі жол апатына түсті – ол өздігінен жүріп кетіп, аялдама павильонына соғылған, деп хабарлайды мегаполис полициясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жол апаты туралы ақпарат пен оқиға орнынан түсірілген видео Telegram-дағы kris_p_almaty арнасында жарияланды. Хабарламада жүк көлігі Шаляпин көшесімен қозғалып келе жатып, аялдама кешеніне соғылғаны айтылған.

    NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы қалалық полиция департаментіне жүгінді. Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 09:20 шамасында Әуезов ауданында болған.

    "Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин көшесінде көліктің өздігінен қозғалуына жол бермеу шараларын қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі оңтүстік жол жиегінде тұрған BYD маркалы автокөлікті соқты.

    Қозғалысын жалғастырған жүк көлігі жолдың солтүстік жиегіне шығып кетіп, ол жерде жиектасқа, ағашқа және аялдама киоскісіне соғылды", - деп түсіндірді полиция.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген.

    Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

    "Көлікке, аялдама киоскісіне соғылды": 
Алматыда жүк көлігі жол апатына ұшырады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.