jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада автобус жарық бағанасына соғылды

    Автобус врезался в столб
    Автобус. Фото: instagram.com/zhaloby__astana

    Астанада жолаушылар автобусы Ардагерлер көшесіндегі жарық бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар жарияланды. Фотодан автобустың соқтығысқаннан кейін тоқтап тұрған сәті мен оған құлаған жарық бағанасын байқауға болады

    Жазба авторы апаттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем көлігі келгенін, алайда зардап шеккендер болмағанын айтады.

    "Биыл 20 тамызда "Yutong" маркалы автобустың жүргізушісі Ардагерлер көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылды", - деп хабарлады Астана қаласының патрульдік полициясы.

    Ведомство өкілдері апат салдарынан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Астана қаласының iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жол-көлік оқиғасынан кейін мамандар зақымданған нысанды қалпына келтіргенін мәлім етті.

    Астанада автобус жарық бағанасына соғылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.