Қостанай облысында мотоциклші жүк көлігімен соқтығысып көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысында ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан мотоциклші қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform.
Агенттіктің мәліметінше, қайғылы жағдай Қостанай облысындағы Семилетка ауылының маңында, КАЗ-19 автожолында болған. Полиция деректері бойынша, "КамАЗ" жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
""КамАЗ" жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Аталған факті бойынша полиция тергеу амалдарын бастады", - деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2417706-qostanai-oblysynda-mototsiklshi-zhuk-koligimen-soqtygysyp-koz-zhumdy/
