jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жүргізушілер мен жолаушылар қаза тапты: Абай облысында екі көлік соқтығысты

    Жол-көлік оқиғасы болған жер
    Жол-көлік оқиғасы болған жер. Видеодан кадр: t.me/dp_abai

    Абай облысындағы Семей-Курчатов тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушылары қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, 26 тамызда шамамен сағат 15:30-да Семей-Курчатов тасжолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia және Kia Rio көліктері соқтығысқан.

    "Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан "Газель" көлігін басып озу кезінде қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, сол жерде Kia Rio автокөлігімен соқтығысқан.

    Соқтығысу салдарынан көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушылары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

    Жол-көлік оқиғасына қатысты көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Жүргізушілер мен жолаушылар қаза тапты: Абай облысында екі көлік соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.