jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Абай облысындағы жол апаты: қаза тапқандар арасында ТЖД қызметкерлері бар

    жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: t.me/dp_abai

    Абай облысындағы Семей – Курчатов тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан төрт адам көз жұмды. Олардың арасында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Абай облыстық ТЖД мәліметінше, 2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:30 шамасында ведомствоға жол апаты туралы хабарлама түскен.

    Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың ішінде өңірлік ТЖД-ның екі қызметкері бар.

    "Департаменттің жеке құрамы мен басшылығы қаза тапқандардың отбасына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл – ауыр қайғы және орны толмас қаза.

    Департамент қаза тапқан қызметкерлердің отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатыр және оны жалғастыра береді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қазіргі уақытта Абай облыстық ТЖД болған оқиға бойынша қызметтік тергеуді бастады.

    Оның нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне объективті баға беріледі.

    Абай облысындағы жол апаты: қаза тапқандар арасында ТЖД қызметкерлері бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.