jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жоғары жылдамдықта жүйткіген": Алматыда BMW мен такси соқтығысып, екі адам зардап шекті (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Иллюстрациялық фото: baona/Getty Images

    Алматыда BMW маркалы көлік пен такси соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, неміс көлігі жоғары жылдамдықта жүйткіген, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.

    Алматыда Төле би даңғылы мен Түркебаев көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, BMW автокөлігі Түркебаев көшесімен солтүстік бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқан. Неміс көлігі қиылысқа жеткен кезде такси көлігімен соқтығысқан.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жол-көлік оқиғасын тіркеді. Екі автокөлік те мамандандырылған айып тұрағына жеткізілді.

    Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі.

    "Жоғары жылдамдықта жүйткіген": Алматыда BMW мен такси соқтығысып, екі адам зардап шекті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.