jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Екі Cobalt соқтығысты: Жетісу облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты (видео)

    Жол апаты
    Жол апаты. Кадр видеодан: instagram.com/taldykorganec.insta_

    Жетісу облысындағы Сарыөзек – Көктал тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан алты адам көз жұмды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыөзек - Көктал автожолының 110-шақырымында екі Chevrolet Cobalt көлігі соқтығысқан.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысқан", - делінген хабарламада.

    Жол апатынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Полиция қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram