jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

    жол апаты
    Жол апаты. Көрнекі фото: Stefan Sauer/picture alliance via Getty Images

    Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, алты адам көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе - Астрахань тас жолының 94-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында болған. Екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан алты адам қаза тапты.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Полиция қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram