jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік жол апатына түсіп, бір адам оқиға орнында қаза тапты (видео)

    Қарағандыдағы жол апаты
    Қарағандыдағы жол апаты. Кадр видеодан: instagram.com/dorogi_karagandy

    Қарағандының Майқұдық тұрғын алабында автобус пен жеңіл көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Апат туралы ақпарат Instagram-дағы dorogi_karagandy парақшасында жарияланды. Онда оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды. Кадрлардан қатты зақымданған ақ түсті көлік пен жедел жәрдем көлігін көруге болады.

    Полиция өкілдері пікірлер бөлімінде жол апаты бүгін, 6 қыркүйекте, сағат 07:30 шамасында К. Маркс көшесінде болғанын хабарлады. Chevrolet Cobalt автокөлігі мен Yutong бағытындағы автобус жол апатына.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

    Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ жол және ауа райы жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, жолда барынша мұқият әрі сақ болуға кеңес берді.

    Қарағандыда автобус пен жеңіл көлік жол апатына түсіп, бір адам оқиға орнында қаза тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram