jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана - Қарағанды - Алматы тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты ЖИ камерасына түсіп қалды

    Жол апаты
    Жол апаты болған сәттен кадр: t.me/qazavtojol

    Астана - Қарағанды - Алматы тасжолында болған жантүршігерлік жол апаты ЖИ камераларына түсіп қалды. Салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап хабарлайды.

    Ұлттық компанияның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, жасанды интеллект элементтері бар камералар Астана - Қарағанды - Алматы республикалық маңызы бар автожолының 51-шақырымында болған жол апатын тіркеді.

    Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басып озу маневрін жасау кезінде "Газель" автокөлігімен бір бағытта соқтығысқанын көруге болады. Соққы салдарынан "Газель" жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

    "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал басып озу маневрін жасамас бұрын жолдағы жағдайды жан-жақты бағалауға шақырды.

    Астана - Қарағанды - Алматы тасжолындағы жантүршігерлік жол апаты ЖИ камерасына түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram