jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында екі адамды көлік қақты: екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды

    Алматы облысындағы жол апаты
    Алматы облысындағы жол апаты. Фото: t.me/zhest_kz_official

    Алматы облысындағы Алматы – Өскемен тас жолында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Олар оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, 6 қыркүйекте Алматы – Өскемен автожолының 18-шақырымында Chevrolet Cobalt көлігінің 37 жастағы жүргізушісі екі қарт ер адамды қағып кетті. Олар жолдың белгіленбеген тұсынан өтпек болған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Алған жарақаттары салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында қайтыс болды.

    Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Алматы облысында екі адамды көлік қақты: екі қарт адам оқиға орнында көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram