Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: мас күйде көлігімен алты адамды қаққан әйел сотталды
Жарияланған күні:

Түркістанда алты адамды қақты деген күдікпен қамауға алынған әйелге қатысты сот үкім шығарды. Ол 9 жылға сотталды және өмір бойына көлік жүргізу құқынан айырылды. Сотталушының кәмелетке толмаған ұлы болғандықтан жазаны өтеу бір жылға шегерілді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жантүршігерлік оқиға биыл маусым айында Арыс қаласында болған. 52 жастағы әйел көлігімен келе жатып, көше бойында демалып отырған көршілерді соққан. Орындықта отырған алты адамның үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Марқұмдардың екеуі - 5 және 2 жасар бала, тағы біреуі жүкті келіншек.
Мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін сотталушы жұмыстан тыс уақытта такси ретінде жұмыс істейтін. Сот шешіміне сәйкес, 52 жастағы келіншек жәбірленушілерге 35 миллион теңге моральдық және материалдық шығынды өтеуі керек.
Алайда жәбірленушілер сотталушыға берілген жазаға да, моральдық шығынға да қанағаттанған жоқ. Сондықтан апелляцияға шағым түсірмек.
"Бір өзімнің үйімнен үш адам кетіп отыр. Келінім, балам, одан екіқабат кетті деді, өздері тексеріп, өздері айтып отыр. Сонда үшеуіне 9 жыл деген аз ғой. Оның өзі аман-есен жүр, дені сау боп, 12 жасар бала деген не ол, қазір менің 4 жасар балам отыр. Күніге жылағанда менің қаным басыма шауып, өзім де ауырдым. Әділеттік қайда?! Біз бұған қанағаттанбаймыз!", - дейді жәбірленуші Ағайша Манатова.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2424258-turkistandagy-zhanturshigerlik-zhol-apaty-mas-kuide-koligimen-alty-adamdy-qaqqan-aiel-sottaldy/
