Қарағанды маңында жолаушылар автобусы мен "ГАЗель" соқтығысты: төрт адам ауруханаға түсті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін, 8 қыркүйекте Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен "ГАЗель" көлігі соқтығысты. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы "Волынский" мал шаруашылығы ауданында болды. Бұл Қарағанды қаласынан шамамен 3 шақырым жерде орналасқан. "ГАЗель" автокөлігі мен Қарағанды-Жәйрем бағытындағы автобус соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ГАЗель" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ маршруттық автобустың екі жолаушысы медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп түсіндірді өңірлік ПД.
Аталған деректі полиция тіркеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, арақашықтықты сақтауға және қала сыртындағы жолдарда қозғалыс кезінде барынша мұқият болуға шақырады", - деп хабарлады полиция қазақстандықтарға.
Желіде куәгерлер оқиға орнынан түсірген видеоларды жариялап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2424795-qaragandy-mangynda-zholaushylar-avtobusy-men-gazel-soqtygysty-tort-adam-auruhanaga-tusti-video/
