Апаттық белгіні қоспаған: ЖИ-камера жол-көлік оқиғасы болған сәтті түсіріп алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында апаттық жарық сигналынсыз тоқтау қайғылы оқиғаға әкеле жаздады. Жасанды интеллект элементтері бар камера жол-көлік оқиғасын тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ұлттық компанияның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолындағы жол-көлік оқиғасы болған сәт жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камераларына жазылған.
Бейнежазбадан жүк көлігінің төмен жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тоқтағанын көруге болады. Алайда көліктің апаттық жарық белгісі қосылмаған. Артынан келе жатқан жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққы салдарынан жеңіл автокөлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
"ҚазАвтоЖол" өкілдері тасжолда тоқтағанда көліктің тиісті жарық сигналын қоспау немесе белгі қоймау өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп тудыратынын ескертеді. Мұндай жағдайда апаттық жарық белгісін дереу қосып, жол қозғалысы қағидаларына сәйкес апаттық тоқтау белгісін орнату қажет.
Сонымен қатар жүргізушілер қауіпсіз арақашықтықты сақтап, алда қалыптасқан жол жағдайын үнемі бақылауда ұстауға тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2425659-apattyq-belgini-qospagan-zhi-kamera-zhol-kolik-oqigasy-bolgan-satti-tusirip-aldy/
