Астанада кәріз құдығының қақпағы жаңа көлікті зақымдады (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астана орталығында жолдағы кәріз құдығының қақпағы көлікті зақымдады – елорда тұрғыны көлігіне қандай залал келгенін көрсетті. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астана тұрғыны Зарина Тәжібаева болған жайтты Instagram-дағы парақшасында баяндады. Ол кәріз құдығы қақпағының үстінен жүріп өткен.
"Мен мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмын, сіздерді сақтандырғым келеді, ешкім мұндайдан сақтандырылмаған. Біз жай ғана өз жолағымызбен келе жатқанда жабық тұрған люкті басып өтіп, осындай жағдайға кезіктік", - деді желі қолданушысы.
Ол көліктің жақында ғана сатып алынғанын атап өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы құдық бригада келгенге дейін жабық болған. Қазіргі уақытта құдық жабық, қауіп төндірмейді, көлік қозғалысына кедергі келтірмейді", - деп мәлімдеді мониторинг орталығы өкілдері.
Материалдық шығын мәселесі бойынша ведомство сотқа жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ оқиғаға қатысты елордалық полицейлер де пікір білдірді.
"LYNK-CO 900 маркалы автокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, құдық қақпағын басып өткен. Люк қақпағының ашылып кетуі салдарынан көлік құралына механикалық зақым келген", - деп хабарлады полициядағылар.
Оқиға фактісі белгіленген тәртіппен тіркелді, процессуалдық шешім қабылдау үшін тексеру шаралары жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2428357-astanada-kariz-qudygynyng-qaqpagy-zhanga-kolikti-zaqymdady-video/
