jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Семейде жол-көлік оқиғасы болды: зардап шеккендер бар (фото)

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: t.me/dp_abai

    Семейде маршруттық автобус пен Jetour X70 автокөлігі соқтығысып, салдарынан адамдар зардап шекті, деп хабарлайды Абай облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, 2026 жылғы 16 қыркүйекте сағат 13:10 шамасында Қаржаубайұлы мен Энергетик көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде көлік құралын басқара алмай, жолда тұрған Jetour X70 автокөлігін қағып кеткен.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.

    Жол апаты
    Жол апаты. Фото: t.me/dp_abai

    Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.

    Семейде жол-көлік оқиғасы болды: зардап шеккендер бар (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram