jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтөбе облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

    пойыз
    Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

    Бүгін, 16 қыркүйекте Ақтөбе облысындағы Әйтеке би станциясы маңындағы теміржол өткелінде жүк көлігі мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды baq.kz.

    Оқиға "Қарабұтақ – Қостанай" облыстық маңызы бар автожолының Темірбек Жүргенов – Қостанай бағытындағы учаскесінде болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі жүк пойызының тепловозымен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ.

    Апатқа байланысты "Қарабұтақ – Қостанай" автожолының осы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді. Құзырлы қызметтер жолды босатып, қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінде бағдаршам мен шлагбаум сигналдарының талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

    Ақтөбе облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram