1 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды: Павлодарға кіреберісте 4 көлік соқтығысты (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Павлодарға Кенжекөл жағынан кіреберісте адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Желіде жантүршігерлік жол апаты болған жерден видео тарады. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Павлодар облыстық ПД-ның мәліметінше, жол апаты Павлодар – Кенжекөл тасжолында болған – "УАЗ Патриот", Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктері соқтығысқан.
Жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2429604-bir-adam-qaza-tauyp-7-adam-zharaqat-aldy-pavlodarga-kireberistegi-4-kolik-soqtygysty-video/
