jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыдағы Шығыс айналма жолында электр самокат тізгіндеген ер адам мерт болды

    Жол апаты
    Жол апаты. Видеодан кадр: Алматы ПД

    Алматыдағы Шығыс айналма автожолында электр самокат тізгіндеген ер адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өте жоғары жылдамдықпен жүрген, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасының соңғы сәттері бейнебақылау камераларына және жол бойымен өтіп бара жатқан көліктердің бейнетіркегіштеріне түсіп қалған.

    "Электр самокат мінген ер адам жолдың сол жақ шетімен келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жылдамдығы сағатына шамамен 90 шақырым болған.

    Шығыс айналма автомобиль жолында ол алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болған. Сол сәтте тізгінге ие бола алмай қалған. Бейнежазбадан ер адамның асфальтқа құлағанын көруге болады. Соққыдан қорғаныш дулығасы да басынан ұшып кеткен", - делінген хабарламада.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен. Алайда ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алған жарақаттарынан 54 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

    Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған, барлық мән-жай анықталып жатыр.

    Алматыдағы Шығыс айналма жолында электр самокат тізгіндеген ер адам мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram