Алматыда жолаушылар автобусы мен кроссовер соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда автобус пен Toyota Highlander көлігі соқтығысып, салдарынан тоғыз адам медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жол-көлік оқиғасы Төле би даңғылы мен Жұмалиев көшесінің қиылысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 201-бағыттағы автобус Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Сол уақытта Жұмалиев көшесімен оңтүстік бағытта Toyota Highlander көлігі қозғалған.
Жол қиылысында екі көлік соқтығысқан.
Алдын ала анықталғандай, автобус жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен болуы мүмкін.
"Жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция экипаждары келді. Тоғыз адам медициналық көмекке жүгінді. Полиция қызметкерлері қажетті бастапқы іс-шараларды жүргізді. Бірқатар сараптама, оның ішінде автотехникалық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламда.
Мамандар жол-көлік оқиғасының нақты қалай болғанын, соқтығысуға себеп болған мән-жайларды және әрбір қатысушының жауапкершілік деңгейін анықтайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2430084-almatyda-zholaushylar-avtobusy-men-krossover-soqtygysyp-togyz-adam-zardap-shekti-video/
