jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Екібастұзда көлік қаққан бала мерт болды

    дөңгелек
    Дөңгелек. Көрнекі фото: pixabay.com

    Екібастұзда жол-көлік оқиғасы салдарынан бала мерт болды. Полиция кәмелетке толмаған баланың көз жұмғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы ekibastuz_live парақшасында жарияланды. Жазба авторлары оқиға куәгерлерінен көмек сұрады. Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекте Әуезов көшесінде болған.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

    Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

    "Полиция департаменті мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүрісі қағидаларын, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтау маңызды екенін еске салады", - деді тәртіп сақшылары.

    Екібастұзда көлік қаққан бала мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram