Көкшетауда автобус жүк көлігімен соқтығысты: зардап шеккендер бар (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Көкшетауда маршруттық автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Зардап шеккендер бар. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Ведомство баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қыркүйекте сағат 10:40 шамасында Көкшетауда Застанционный көпірі (Шанхай) ауданында №11 "Yutong" маркалы маршруттық автобус пен "ЗИЛ" жүк көлігі соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктің екі жүргізушісі мен бір жолаушысы жеңіл дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді", - деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік тәртіпте тиісті шаралар қабылданатын болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2430816-kokshetauda-avtobus-zhuk-koligimen-soqtygysty-zardap-shekkender-bar-video/
