Алматыда автобус пен су сепкіш көлік соқтығысып, жұмысшы зардап шекті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматының Алатау ауданында автобус пен су сеуіп жүрген Foton автокөлігі соқтығысты. Бір адам жарақат алды, деп хабарлайды мегаполис ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Алматыдағы Момышұлы көшесінде "Ютонг" автобусының жүргізушісі Foton автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы бүгін, 22 қыркүйекте, сағат 14:30 шамасында болды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, "Ютонг" маркалы автобустың жүргізушісі Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінде суару жұмыстарын жүргізіп жатқан Foton маркалы автокөлігіне соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жұмыс істеп жүрген қызметкер дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінді", - делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
"Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр", - деп толықтырды ПД.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2431523-almatyda-avtobus-pen-su-sepkish-kolik-soqtygysyp-zhumysshy-zardap-shekti/
