Алматыда ЗИЛ, автобус және тағы бір көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда жолаушылар автобусы, ЗИЛ және ГАЗ жүк көліктері соқтығысты. Салдарынан бірнеше адам зардап шеккен, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы тұрғыны Ангелина Степанова Threads желісінде жол апатына ұшыраған автобус туралы жазба жариялады.
"Бүгін ұлым екеуміз Бөкейханов пен Райымбек көшелерінің қиылысында жол апатына ұшырадық. Кім кінәлі екенін білмеймін. Автобус бұрылысқа сыймай қалғандай болды. Қатты соққы, шу, өте қорқынышты. Қатты қорықтық, әлгі қыздың жағдайы жақсы болады деп үміттенемін. Ол жедел жәрдем көлігімен кетті", - делінген жазбада.
Видеода жол апатының салдары көрсетілген. Автордың айтуынша, автобус салонына сынған әйнектерге толып кеткен. Ол ұлы екеуі автобустың алдыңғы бөлігінде болғандықтан аман қалғанын, алайда екі баласы бар жүкті әйел зардап шеккенін айтты.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, бүгін жол апаты Жетісу ауданында тіркелгенін хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобус жүргізушісі Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындаған тұста рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ маркалы жүк көлігіне соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Соққы салдарынан ЗИЛ инерциямен алдында тұрған ГАЗ маркалы көлікке соғылған. Жол апаты салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді, олардың арасында ЗИЛ жүргізушісі мен автобус жолаушылары бар.
Аталған факті бойынша қазіргі таңда тексеру жүргізілуде. Апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2433580-almatyda-zil-avtobus-zhane-tagy-bir-kolik-soqtygysty-zardap-shekkender-bar-video/
