jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада жаяу жүргіншіні көлік қақты: жүргізуші тоқтамай кетіп қалған (видео)

    жаяу жүргіншіні қаққан сәт
    Жаяу жүргіншіні қаққан сәт. Видеодан кадр: instagram.com/astana__sergek

    Желі қолданушылары Астанада жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік жүргізушісінің әрекетін талқылап жатыр. Жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған.

    Жаяу жүргіншіні көлік қаққан сәт түсірілген видео Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды.

    Кадрлардан көліктің жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, артынша оқиға орнынан ұзап бара жатқанын көруге болады.

    "Қызды қағып кетіп, өз жолымен кетіп қалды" - делінген видео сипаттамасында.

    Жарияланымға қатысты Астана қалалық полиция департаменті жауап берді.

    "Jetour Т2 автокөлігінің жүргізушісі анықталды, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

    Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады полиция.

    Астанада жаяу жүргіншіні көлік қақты: жүргізуші тоқтамай кетіп қалған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram