Алматыда Porsche мен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда автобус пен Porsche көлігі соқтығысты. Бірнеше адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 30 қыркүйекте сағат 15:20 шамасында Алматының Түрксіб ауданында болған.
"Golden Dragon маркалы автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, бұрылған батыс бағытта қозғалған қарсы бағыттағы Porsche көлігіне жол бермеген. Салдарынан жол-көлік оқиғасы болды.
Бірнеше адам, оның ішінде автобус жолаушылары медициналық көмекке жүгінді", - делінген Алматы ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатқаны атап өтілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2436863-almatyda-porsche-men-avtobus-soqtygysty-zardap-shekkender-bar/
