jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

    жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
    Жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Фото: Қостанай облыстық ПД

    Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы теміржол өткелінде жеңіл көлік пойызбен соқтығысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жітіқарадағы теміржол өткелінде Lada Kalina көлігінің локомотивпен соқтығысуы дерегі бойынша полиция жеңіл көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғады.

    Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне мән бермей, теміржолға шығып кетіп, локомотивпен соқтығысқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Полиция жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажет екенін және теміржол өткелдерінен өту кезінде жол белгілері мен бағдаршам сигналдарына назар аударып, барынша мұқият болуға шақырды.

    Қостанай облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram