Қызылордада жүргізуші қолында сәбиі әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан: нәресте көз жұмды
Жарияланған күні:

Қызылордада Mitsubishi Lancer көлігінің жүргізушісі қолында сәбиі бар әйелді қағып кетті. Ол оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды kazinform.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 13 қазанда кешкі сағат бестің шамасында қаладағы Құлтекенов көшесінде болған.
"Mitsubishi Lancer автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. Зардап шеккендер жансақтау бөліміне түскен", - делінген хабарламада.
Алайда артынша жәбірленушілердің бірі, яғни 5 айлық нәрестенің көз жұмғаны анықталды. Облыстық полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғады.
"Күдіктінің кім екені анықталды. Департамент оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция қалаға кіреберіс жолдарда бақылауды күшейтті. Күдіктіні іздестіру және ұстау іс-шараларына барлық күш-құрал жұмылдырылды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2443332-qyzylordada-zhurgizushi-qolynda-sabii-aieldi-qagyp-oqiga-ornynan-izin-suytqan-nareste-koz-zhumdy/