Астанада Tesla көлігіне соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада ассенизатор Tesla көлігіне соқтығысып, көпірден құлап кетті. 71 жастағы көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне 19 қазанда елорданың айналма жолында Tesla автокөлігі мен ассенизатор жүк көлігі соқтығысқанын хабарлады.
"Tesla автокөлігін басқарған 49 жастағы әйел көпірге көтерілетін жолайрықта басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермегені анықталды.
Салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын бұзып, көпірден құлап кетті", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі қажетті медициналық көмек үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2444744-astanada-tesla-koligine-soqtygysqan-zhuk-koligi-kopirden-qulap-ketti-video/