"Сторис түсіріп тұрып, байқап қалған": Таразда ер адам өртке оранған көліктен адамдарды алып шықты
Жарияланған күні:

Таразда жол апатына түскен көлік өртке оранды. Жол апатының куәгері газ иісін сезе сала, көмекке ұмтылғанын айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Тараз қаласының тұрғыны Threads желісінде @ng_narek есімді пайдаланушы 23 қазанда болған жол апаты туралы жазды. Онда ол көлігінде сторис түсіріп кетіп бара жатып, жол апатының куәгері болғанын баяндаған. Ер адам тоқтай сала, өртеніп жатқан көлік маңындағы адамдарға көмекке асыққан.
"Көліктен шығып, адамдарға көмектеспек болдым. Газ иісін сезіп, бірінші кезекте оләарды шығару керек екенін түсіндім. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдемді шақырдым", - дейді ол.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері шақырту 112 пультіне 23 қазанда саған 02:34-де түскенін жеткізді.
"Осы жылдың 23 қазанында Жамбыл облыстық ТЖД-ның "112" пультіне Тараз қаласындағы Бөлтірік шешен мен Ұлбике ақын көшелерінің қиылысындағы жол апатынан соң көлік өртке оранғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына тез арада ТЖД күштері мен құралдары жетті", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қазақ тапқандар жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2447199-storis-tusirip-turyp-baiqap-qalgan-tarazda-er-adam-ortke-orangan-kolikten-adamdardy-alyp-shyqty/