Алматы облысында көлік дүкенге кіріп кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде көлік дүкен қабырғасына соғылып, сауда залына кіріп кеткені туралы жазба тарады. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Threads әлеуметтік желісінде Боралдай кентінде болған жол-көлік оқиғасы салдарының видеожазбасы жарияланды. Кадрлардан көліктің жергілікті дүкендердің біріне кіріп кеткенін көруге болады. Куәгерлер жол апатының салдарын видеоға түсірген, онда сөрелер де, көліктің өзі де зақымданғаны көрінеді. Желіде тараған ақпаратқа сенсек, көлікті басқарған бойжеткен ұстама салдарынан көлік апатына түскенін алға тартқан.
Оқиғаға қатысты Алматы облысы ПД түсінік берді.
"Факті бойынша полиция қызметкерлері жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеру аясында анықталды", - делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2447436-almaty-oblysynda-kolik-dukenge-kirip-ketti-video/