Бір адам қаза тапты, екеуі ауруханада: Ақмола облысында жолдағы жұмысшыларды көлік қағып кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірдің полициясына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-километрінде тіркелді.
"Chery Arrizo 8 автокөлігін басқарған жүргізуші жолдың көлік жүретін бөлігінде жарық қайтаратын кеудешесіз жүрген жол ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті", - деді полиция өкілдері.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты, екеуі медициналық мекемеге жатқызылды.
Факті бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2447496-bir-adam-qaza-tapty-ekeui-auruhanada-aqmola-oblysynda-zholdagy-zhumysshylardy-kolik-qagyp-ketti/