jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қарағанды облысында жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысты (видео)

    Пойызға соқтығысқан көлік
    Пойызға соқтығысқан көлік. Кадр: t.me/halyqstan

    Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызының жолына шығып кеткен. Полиция аталған жайтқа пікір білдіріп, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жүк көлігі мен жолаушылар пойызының соқтығысқан сәтінің видеосын Telegram-дағы Halyqstan арнасы жариялады.

    KAZ.NUR.KZ тілшісіне Қарағанды облысы ПД өкілдері 24 қазанда Қарағанды облысы Шет ауданындағы реттелмейтін теміржол өткелінде Shacman жүк көлігі мен жолаушылар пойызы соқтығысқанын хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің 53 жастағы жүргізушісі теміржолдан өту қауіпсіз екеніне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысқа жол берген, - делінген хабарламада.

    Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

    Аталған дерек полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram