jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанайда жүргізуші полициядан қашамын деп автобусқа соғылды: ол оқиға орнында мерт болды

    ЖКО
    Жол-көлік оқиғасы. Видеодан кадр: instagram.com/polisia_kostanay

    Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына дейін жеңіл көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД-ға сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік ЖКО-ға тап болған сәттен видео тарады. Видеодағы жол апатына қатысты Қостанай облыстық полиция департаментінің өкілдері түсінік берді.

    ПД мәліметінше, Volkswagen Passat пен маршруттық автобус тап болған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция патрульдік көліктен түсірілген кадрларды көрсетті, онда тәртіп сақшылары Volkswagen-нің соңынан қуып, жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткені, бірақ оның қозғалысын әрі қарай жалғастыра бергені байқалады.

    "25 қазанда жеңіл көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына елеместен қозғалысын жалғастырғаны анықталды. Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында ол қызыл түске өтіп, автобусқа соғылды.

    Соқтығысу салдарынан жүргізуші қайтыс болды, жолаушы ауруханаға жатқызылды. Автобуста 55 адам болды, екеуіне көмек оқиға орнында көрсетілді, - деп хабарлады ПД өкілдері.

    Қазір уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram