Тұрақта тұрған көлік зақымданды: Астанада патруль көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада Hyundai Tucson мен Chevrolet Cobalt соқтығысты. Көліктердің бірі жолдан ұшып барып, тұрақта тұрған көлікті соқты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астанада полиция көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды. Апат болған жерден кадрлар 27 қазанда Instagram-дағы sergekastana парақшасында жарияланды.
"Патруль көлігі Chevrolet Cobalt-пен соқтығысып, салдарынан ол ұшып барып тағы бір көлікке соғылды" - делінген жазбада.
Астана қалалық полиция департаменті апаттың 26 қазанда болғанын хабарлады.
"26 қазанда кешкі уақытта Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі солға бұрылар кезде қарсы келе жатқан Chevrolet Cobalt-ке жол бермей онымен соқтығысты. Соққыдан кейін Chevrolet Cobalt қоршау мен тұрақта тұрған көлікке соғылды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2448177-turaqta-turgan-kolik-zaqymdandy-astanada-patrul-koligi-zhol-kolik-oqigasyna-tap-boldy-video/