Астанада автобус қызды қағып кетті: жолаушылар зардап шекті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада автобус қызды қағып кетті. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші, сондай-ақ қоғамдық көлік жолаушылары зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Астанада болған жол-көлік оқиғасының видеосын Telegram-дағы Astanovka98 арнасы жариялады.
"Оқырмандар 11-бағыттағы автобус Байтұрсынов көшесінде жолға кенет жүгіріп шыққан қызды қағып кетті деп хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны ауыр хәлде алып кетті", - делінген хабарламада.
KAZ.NUR.KZ тілшісіне Астана қаласы полиция департаменті аталған жайт бойынша ақпарат ұсынды. 28 қазанда IVECO маркалы маршруттық автобус жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып, жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Тежегішті кенеттен басқандықтан, автобустың үш жолаушысы дене жарақатын алды.
Жаяу жүргінші мен үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады полицияда.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2449143-astanada-avtobus-qyzdy-qagyp-ketti-zholaushylar-zardap-shekti-video/