Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысында, Астана – Петропавл автожолында қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тапты: екеуі оқиға орнында көз жұмды, ал біреуі ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнында түсірілген кадрлар Instagram желісіндегі shchuchinsk_life2 парақшасында жарияланды. Кадрлардан жолда зақымданған көліктердің тұрғанын көруге болады, біреуі аударылып қалған.
Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Жол апаты кеше, 1 қарашада болған.
Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, біреуі ауруханада қайтыс болды, зардап шеккендер бар.
Соталды тергеу аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметі жол жүруді қиындататын жол-көлік оқиғасына байланысты, сондай-ақ тергеу шараларын жүргізу қажеттігіне байланысты "Астана – Көкшетау (айналып өтумен) – Петропавл – РФ шекарасы" жолының 107–232 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады.
Компания жолдың сағат 23:00-де ашылуға тиіс екенін мәлім еткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2450612-aqmola-oblysynda-zhol-apatynan-ush-adam-qaza-tapty/