jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ақтау портында жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

    Жол апаты
    Жол апаты. Кадр: ҚТЖ

    2 қарашада сағат 16:55-те Ақтау теңіз портының кірме жолындағы күзетілмейтін әрі реттелмейтін теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды kazinform.

    Алдын ала мәлімет бойынша, "МАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі шамамен 5 шақырым/сағ жылдамдықпен кері бағытта келе жатқан тепловозға жол бермеген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

    Соқтығысудан тепловоз едәуір техникалық зақым алды. Оқиға туралы Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды.

    "Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына жүк көлігі жүргізушісінің Жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған", — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

    ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде мұқият болуға, жол белгілері мен сигналдарының талаптарын сақтауға және пойыздарға жол беруге үндеді.

    Компания өкілдері қозғалыс қауіпсіздігі әр жүргізушінің тәртібіне байланысты екенін еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram