Жетісу облысында экскаватор қағып кеткен 11 жасар қыз бала мерт болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Текелі қаласында экскаватор қағып кеткен 11 жасар қыз бала мерт болды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алдын ала мәлімет бойынша, дөңгелекті Volvo экскаваторының жүргізушісі қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен.
Алған жарақаттарынан ол көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Жетісу облыстық ПД басшылығының бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2452133-zhetisu-oblysynda-ekskavator-qagyp-ketken-11-zhasar-qyz-bala-mert-boldy/