Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен әйел адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысындағы жол апаты бір адамның өмірін қиды. Жол көлік оқиғасынан тағы бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан 58 жастағы әйел көз жұмды. Зардап шеккен 69 жастағы ер адам жарақатпен ауруханаға түсті.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінің мәліметінше, шақырту 6 қарашада сағат 21:31-де түскен. Хабарласқан куәгер Мал базары мен "Химик" саяжай массиві аумағында жол апаты болғанын, зардап шеккендер бар екенін айтқан.
Оқиға орнына дәрігерлер бригадасы жіберілді, олар "жедел жәрдем" келгенге дейін 58 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады. Зардап шеккен 69 жастағы ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізді.
NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін өңірлік полиция департаментіне сауал жолдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2453510-manggystauda-zhol-apatynan-zardap-shekken-aiel-adam-zhedel-zhardem-kelgenshe-koz-zhumdy/