Алматыдағы Абай даңғылында екі автобус соқтығысты
Жарияланған күні:

Алматыдағы Абай даңғылында екі автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Екі автобустың соқтығысқаны бейнеленген кадрлар Threads-тегі almatynews_kaz паблигінде жарияланған.
Жарияланымдағы ақпаратқа сай, Абай даңғылының Бауыржан Момышұлы көшесімен қиылысқан тұста № 78 және № 136 автобустар соқтығысқан.
View on Threads
Алматы ПД KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, оқиға бүгін сағат 13:00-де Алматы қаласы Әуезов ауданында болғанын хабарлады.
"SAZ маркалы автобус жүргізушісі Абай даңғылы бойымен шығыс бағытқа жүріп қарай келе жатып, бір орында тұрған Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысты", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда Әуезов ауданы полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2454762-almatydagy-abai-danggylynda-eki-avtobus-soqtygysty/