Білімі
2010 жыл — жас журналистердің жазғы мектебі, РИА Новости, Ресей.
2012 жылы Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-ін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірді.
2013 жыл — "Жаңалықтарды қалай жасауға болады" тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы, Санкт-Петербург, Ресей.
2018 жыл - MediaNet Халықаралық журналистика орталығынан "Фактчекингтің негізгі құралдары" тақырыбы бойынша оқу курсы.
Еңбек жолы
Студент кезінде газет-журналдарда, радио мен теледидарда журналист болып жұмыс істей бастады. Диплом алғаннан кейін автор БАҚ-та, баспасөз қызметінде түрлі лауазымда жұмыс істеді.
2012-2014 жылдары BNews.kz. тілшісі болып жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінде жұмыс істеді.
2016-2017 жылдары "Нұр Отан" партиясы Қостанай облыстық филиалының баспасөз хатшысы болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың тамызына дейін Қостанай облысы бойынша "ҚазАқпарат" ХАА-ның меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
Қостанай әкімінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі ретінде мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
NUR.KZ командасында 2023 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді.