Зектілері

Түркия қонақүйіндегі алапат өрт: кем дегенде 60 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Түркиядағы өрт
Түркиядағы өрт. Фото: trthaber.com

Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде болған өрт салдарынан қаза тапқандар саны 66-ға жетіп, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды TRT Haber арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түрік басылымының хабарлауынша, бүгін мәлімдеме жасаған елдің Ішкі істер министрі Али Ерликая қаза тапқандар саны 66-ға, жараланғандар саны 51-ге жеткенін айтқан.

"Құрметті достар, біз халық ретінде үлкен қайғыны бастан кешіріп жатырмыз, өрт салдарынан 66 адам қаза тауып, 51 адам зардап шекті", - деді Түркияның ішкі істер министрі.

Түркия денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглудың айтуынша, зардап шеккен 51 адамның біреуі ауыр халде. Қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

NUR.KZ тілшісіне Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында алдын ала мәлімет бойынша біздің азаматтар жоқ.

Бүгін 21 қаңтарға қараған түні Түркияның Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде өрт шыққаны хабарланды. Ол кезде 10 адам қаза тауып, 32-сі жараланғаны белгілі болған еді.

Бұған дейін өткен жылдың қазан айында Анталияда да ірі өрт болған – қонақүй өртеніп кеткен. 48 демалушы құтқарылған. Түтін мен өрттен қашпақ болған кезде құлап, жарақат алған тағы 12 демалушы жедел жәрдеммен ауруханаларға жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2213789-turkiia-qonaquiindegi-alapat-ort-kem-degende-60-adam-qaza-tapty/