jitsu gif
Эзотерика

    Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 қазан сізді не күтіп тұр

    Жұлдыз жорамал
    Жұлдыз жорамал: Unsplash

    Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, жұмыс жоспарыңызды тиімді етіп құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамытып, күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

    Тоқтылар

    Жаңа таныстықтан бас тартпаңыз. Бүгін болашағыңызды өзгертетін адамдарды кезіктіресіз. Бұл күн жаңа ортада өзіңізді таныстырып, жақсы ұсыныстар алуға қолайлы күн.

    Соңғы кезде сүйіктіңізге деген сезіміңіз тереңдеп, оған деген көзқарасыңыз орныға түскннін ескеріңіз.

    Торпақтар

    Бүгін өміріңізге өзгеріс әкелетін адаммен танысуыңыз мүмкін. Әңгіме-дүкен құрғанда барынша ашық болыңыз.

    Егер көптен бері спортпен айналысқыңыз келіп жүргенімен, кейінге қалдырып келген болсаңыз, бүгін жүйелі жаттығуларды бастап кетуге ыңғайлы күн. Спортпен айналысу өмір салтыңызды түбегейлі өзгертеді.

    Егіздер

    Бүгінгі жұмысыңызда келеңсіздіктер туындауы мүмкін. Оны барынша жеңіл қабылдау арқылы ғана еңсере аласыз.

    Бүгін жолда барынша абай болыңыз: көлік тізгінінде телефонға не басқа нәрсеге алаңдамай, барынша жинақы болғаныңыз жөн.

    Шаяндар

    Бизнеспен айналысатын Шаяндар үшін Күннің бірінші жартысында клиенттермен келіссөздер сәтті өтеді. Бұл мүмкіндікті іскерлік байланыстарды нығайту, тауар сату көлемін арттыру және негізгі клиенттермен байланыс орнату үшін пайдаланыңыз.

    Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Жұмыстағы жүктеме денсаулығыңызға салмақ түсіруі мүмкін.

    Арыстандар

    Бүгін сіз күтпеген жаңалықтар болады. Соған байланысты жедел шешім қабылдауға тура келеді. Өзгелердің емес, өзіңіздің көңіліңізден шығатын жайттарды ескергеніңіз жөн.

    Соңғы кезде еңсеңіз түсіп, ештеңеден қуаныш көре алмай жүрген болсаңыз, жалғызілік таза ауада серуендеуге кеңес береміз. Табиғаттан, оңашада жеке қалудан күш-қуатыңыз артып, ойыңыз жинақталады.

    Бикештер

    Соңғы кезде сүйіктіңізден араңызда келеңсіздіктер туындап жүрген болса, оған жанын жаралайтындай ауыр сөздер айтпаңыз, жағдай одан сайын ушығып кетеді. Ал отбасылы болсаңыз, отбасындағы көшбасшылық немесе ақша үшін күресте тым алысқа бармаңыз, өзіңізді ұстай білгеніңіз жөн.

    Бүгін қаржылық қиындықты еңсерудің сәті түседі. Түскен табысты барынша көбейту жолын ойластырыңыз.

    Таразылар

    Қосымша табыс пен қаржылық пайдаға кенелетін күн. Қаржылық тұрғыда тұрақтылыққа қол жеткізу үшін ұзақмерзімді жоспар құрыңыз.

    Бос уақытыңызды отбасыңызбен өткізгеніңіз жөн. Балалармен әңгіме-дүкен құрып, қызық сайыстар ұйымдастырсаңыз, өзіңіз де сергіп қаласыз.

    Сарышаяндар

    Бүгін жұмыста не бизнесте түсініспеушілктер туындауы мүмкін. Жағдайды ушықтырып алмау үшін ашуға бой алдырмаңыз.

    Эмоциялық құбылмалы күйіңіз қарым-қатынасқа әсер етпеуі үшін бүгін сүйіктіңізбен кездесуден бас тартқаныңыз жөн.

    Мергендер

    Бүгін махаббатта жолыңыз болады. Бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз да мүмкін.

    Бүгін жақын адамдарыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз тарапынан қолдау көресіз. Қандай істі қолға алсаңыз да табысты болады.

    Тауешкілер

    Бүгін өн бойыңызды әлсіздік басып, жұмысқа не басқа істерге зауқыңыз болмауы мүмкін. Күйзеліске түсіп кетпеу үшін бар күшіңізді жинап, таза ауада серуендеуге, дене жаттығуларын жасауға кеңес беріледі.

    Көмек сұрап келген жақындарыңызға барынша көмектескеніңіз жөн.

    Суқұйғыштар

    Достарыңызбен қарым-қатынаста барынша ашық болыңыз, олардың сіз үшін қаншалықты жақын екенін іспен дәлелдеп отырған жөн.

    Бүгін қаржыңызды барынша үнемдеп жұмсағаныңыз абзал. Қомақты қаржыға сауда жасамас бұрын жақсылап ойланып, ол заттың тап қазір қаншалықты қажет екенін бағамдап алыңыз.

    Балықтар

    Бүгін жұмыс бойынша жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. Қапы қалмаңыз.

    Тамақтану режиміне мұқият болыңыз: пайдалы тағамдарға артықшылық беріңіз, көше тағамдарынан аулақ болыңыз, күннің бірінші жартысында әлсіздік сезінуіңіз мүмкін. Кішкене демалып алсаңыз, түстен кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.

    Бүгінгі жұлдыз жорамал: 28 қазан сізді не күтіп тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.