Бүгінгі жұлдыз жорамал: 23 желтоқсан күні сізді не күтіп тұр
Жарияланған күні:

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Тоқты
Бүгін достасуға ыңғайлы күн. Сізді жаңа таныстық немесе достық күтіп тұруі ғажап емес. Ортақ мүдделерге ұмтылыңыз, жаңа бір нәрсе үйреніңіз.
Кәсіпке қызығушылықты естен шығармай, түрлі маманмен байланыс орнатуға ұмтылыңыз. Сонда Сіз кәсіп шыңына тезірек жетесіз.
Торпақ
Біраздан бері ата-анаңызбен келісе алмай жүрсеңіз, сынды мойындаудан тартынбаңыз. Олар Сіздің қолдауыңызға зәру болуы мүмкін.
Бүгін өте ұсақ, солай бола тұра аса маңызды жайттарға назар аударыңыз. Дәл осындай болмашы дүниелер жұмысыңызды жақсартуға көмектеседі, кәсіпте табысқа жету үшін қолайлы жағдай жасайды. Берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, оның маңызды тұстарына назар аударыңыз.
Егіздер
Алдағы күндері әсіресе көлік жүргізген уақытта аса сақ болыңыз. Бүгін тәуекелге баратын күн емес.
Ажырасу, балаларға қатысты мәселелерді қозғаудан аулақ болыңыз. Отбасы беделіне қауіп төнуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жұмыстан тыс уақытта отбасыңызға, достарыңызға көмектесіңіз, игі істер жасаңыз. Олар сіз жасаған жақсылықты бағалай біледі.
Шаян
Бүгін алкоголь ішуден бас тартқан абзал. Ертесіне таңертең осы шешіміңіз үшін өзіңізге рахмет айтасыз.
Айналаңызда өзін-өзі бұрыс бағалай алмайтын дос болса, оған қаржылай, психологиялық тұрғыда өсуіне көмектесе аласыз. Қазір қосымша білім алу, ақша табу, болашақ өмірді қалыптастыру көздерін табу қиын емес.
Арыстан
Өзіңізге жағымды романтикалық кеш жоспарлаңыз. Әзілдесуден, шынайы сезіміңізді көрсетуден ұялмаңыз. Көптеген жұп үшін бұл ләззат алудың, төсек қатынасында да жаңаша сезімдерді ашудың тамаша тәсілі.
Демалыс күндерді табиғат аясында өткізіңіз. Ауа райын бақылау сәті миды тынықтырады.
Бикеш
Күні бойы денсаулыққа көңіл бөлуге, дәрігерге қаралуға мүмкіндік аласыз. Келесі аптаны толықтай өзіңізді күтуге арнаңыз. Кейбір ауру шұғыл медициналық көмекті қажет ететінін естен шығармаңыз.
Бұл күні кәсіби мансапта өсуге мүмкіндік ашылады. Бойыңыздағы сенімсіздікті жеңуге тырысыңыз, ұжымға қаншалықты қолдау көрсетуге дайын екеніңізді анықтаңыз.
Таразы
Бүгін белсенді әрекет мансап пен жетістікке жетелейді. Даму, жұмысы талдау, жүйелеу және қиындықтарды шешу жолдарын табу - күн тәрбітіндегі басты мәселелер.
Шетелде достарыңыз болса, олармен Skype арқылы сөйлесіңіз. Әріптестерден бұрын естімеген құнды кеңес алуыңыз мүмкін.
Сарышаян
Көбірек су ішуге тырысыңыз. Бұл ағзаңыздың жалпы жағдайын жақсартады.
Отбасыңызбен бірге дәмді тамақ дайындаңыз. Бәріне ортақ хобби табу да маңызды.
Мерген
Бір сәт айналаңызға көз жүгіртіп, жаңа таныс табыңыз. Олардың арасында сіз армандаған адам бар.
Достарға көңіл аударуды да ұмытпаңыз, оларға көмектесіңіз. Біреу сізді қатты мазалап жүрсе, күшіңіз жететінін естен шығармаңыз.
Тауешкі
Мүмкіндігінше дағдыға айналған күнделікті әрекетіңізді өзгертіңіз немесе қызмет ауқымыңызды кеңейтіңіз. Бүгін сіз бұрынғыдан да көп нәтиже шығарасыз.
Адамдарға өзін көрсетуге мұрсат беріңіз, бірақ ерекше бастама күтпеңіз. Сонда бәрі өз бетімен орындалып шыға келеді.
Суқұйғыш
Қақтығысты азайту үшін қарым-қатынасқа жаңа көзқарасты қолданып көріңіз. Диалогқа түсуден және сезімдеріңіз туралы айтудан қорықпаңыз: бұл жұпта өзара түсіністікті жақсартады.
Сіз қау қопаратын күшке иесіз. Көздеген жоспарды іске асыруға дайын болыңыз, өйткені сіз тағы бір белесті бағындырасыз.
Балықтар
Адамдарды белгілі бір қашықтықта ұстаңыз. Олар күйзеліс пен алаңдаудан қорғауға тырысыңыз.
Бүгін отбасында болып жатқан оқиғаларға мұқият назар аударған жөн. Туыстарға қатысты кей әрекет отбасында қайшылық туғызуы мүмкін. Оны сіз жалғыз шеше алмайсыз. Өз ойыңызды әзілмен жеткізіңіз. Отбасына қолдау көрсетіңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/astrology/2203395-bugingi-zhuldyz-zhoramal-23-zheltoqsan-kuni-sizdi-ne-kutip-tur/