jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандықтар бүгін түнде сирек кездесетін құбылысты тамашалай алады

    Түркиядағы жұлдызды аспан
    2025 жылғы 15 тамыз. Жұлдыздарды тамашалап отырған адамдар. Көрнекі сурет: Engin Ayyildiz/Anadolu via Getty Images

    1 қыркүйекке қараған түні Ауригид метеор ағынын жай көзбен көруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Бұл астрономиялық құбылыс туралы "Роскосмос" Telegram-арнасында еске салынды. Биыл Ауригидтер 28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында белсенді болып, шарықтау шегіне күздің алғашқы күні жетеді.

    "Жексенбіден дүйсенбіге қараған түн. Ауригид метеор ағыны – ең сирек құбылыстардың бірі. Ол Жердің метеороидтар шоғырының ішінен өтуі кезінде пайда болады. Құбылысты жай көзбен көруге болады", – делінген хабарламада.

    Шарықтау сәті астана уақытымен таңғы 08:00-ге тура келеді. Алайда бұл кезде күн шығып кететіндіктен, арнайы құралдарсыз бақылау мүмкін болмайды.

    Аптадағы басқа да ерекше құбылыстар

    Астрономдар бұл аптада тағы екі қызықты оқиғаны атап өтті:

    • 4 қыркүйек, бейсенбі күні Ай Жер мен Плутонның арасына түсіп, ергежейлі планетаны көлегейлейді. Мұны тек телескоп арқылы ғана көруге болады.
    • 7 қыркүйек, жексенбі күні толық Ай тұтылуы болады. Ол астана уақытымен сағат 22:30-да басталып, ең жоғары фазасы 23:12-де байқалады. Бұл құбылысты жай көзбен тамашалауға мүмкіндік бар.

    Сонымен қатар бұған дейін қазақстандықтарға тағы бір ерекше астрономиялық оқиға туралы ескертілген болатын. Яғни 2025 жылдың 21 қыркүйегінде Сатурн Күнге қарсы тұру сәтіне байланысты айрықша жарық әрі ірі болып көрінеді.

    Қазақстандықтар бүгін түнде сирек кездесетін құбылысты тамашалай алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.