Мансап, табыс: түсіңізде суға бату нені білдіреді
Жарияланған күні:

Түсіңізде суға батып бара жатып, шошып оянған кезіңіз болып па еді? Кейбір түс жорушылар мұндай түстер алда болатын қиындықтардан хабардар ететінін айтады. Шынымен солай ма? Олай болса бұл сұрақтың жауабын бірге іздеп көрейік.
Еnigma-project.ru сайтындағы түс жоруда мұндай түстерге мынандай түсіндірмелер беріліпті:
Түсіңізде суға бату шынайы өмірде қиындықтар болатынын, сезімдердің құрсауына түсетініңізді білдіреді.
Ал суға батып бара жатып, аман қалсаңыз – мансабыңыз өсіп, табысыңыз көбейеді деген сөз.
Біреуді суға тұншықтырып жатсаңыз, шынайы өмірде сезімдеріңіз бақылаудан шығып, күйзеліске түсесіз деген сөз.
Батып бара жатқан адамды құтқарып қалсаңыз, жұмыста жеміске жетіп, көп қаржы табасыз.

Ал көп адамның суға батып бара жатқанын көре тұрып, бір адамды ғана құтқара алсаңыз, қиын таңдау жасайтыныңызды білдіреді. Ал бәрін құтқара алсаңыз, алға қойған мақсатыңызға жетесіз деген сөз.
Әйел адам күйеуінің суға батқанын көрсе, бұл жұбайының көзіне шөп салып жүргенін білдіреді.
Сондай-ақ мұндай түсті жоруда түс көрушінің әрекеттеріне ерекше мән беру керек.
- құтқару шеңберін лақтыру – игі іс жасау;
- батып бара жатқан адамға немғұрайлылықпен қарау – достардың қолдауынан айырылу;
- суға кетіп бара жатқан адамның қасына қайықпен жүзіп келу – өзіңізді қауіпсіз сезінесіз.
- батып кеткен адамды судан іздеу – қиын істі бастайсыз деген сөз.
- батып бара жатқан адамға жүзіп бару – қиындықтарыңызды өзіңіз шешесіз.
- батып бара жатқан адам сізді тартып жатқанын сезу – сізді алдауға тырысып жүрген адамдар бар.

Түсіңізде адам суға батып кетсе, өңіңізде көп шығын шығып, қаржылық жағдайыңыз нашарлайды.
Суға көлікпен бірге бату – қаржылық қиындықтар туындайтынын, жағдайды түзеу үшін көп тер төгу керек болатынын ескертеді.
Суға қатысты түстер
Мұсылманша түс жору бойынша:
- Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, жақсылықтың белгісі. Егер оның суы лай және ащы болса, онда адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
- Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
- Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
- Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
- Түсте суда жүзу және оны кешу – жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

- Түсіңізде суға қарай жүгірсеңіз, тағдырыңызға әсер ететін маңызды шешім қабылдайсыз деп болжанады.
- Ал түсіңізде басқа біреудің ағынды суда батып бара жатқанын көрсеңіз, сізді сүйіктіңізбен ажырасу, ұрыс, жұмыста сәтсіздіктер күтіп тұр.
- Тыныш өзенде, таза қайықпен жүзіп келе жатсаңыз- үлкен жақсылықтың белгісі. Арманыңыз орындалып, байлыққа кенелесіз дегенді білдіреді.
- Түсіңізде қатты ағыстан шыға алмай жатқаныңызды түсіңізде көрсеңіз, ұзаққа созылатын сот ісін немесе денсаулығыңызға байланысты туындайтын қиындықтарды білдіреді.
Адам қандай түс көрсе де, оны жақсылыққа жорып, қашан да жақсы күндерден үмітін үзбеуі керек. Адам бір нәрсені қатты уайымдап, шаршап жүрсе де жайсыз түстер көруі мүмкін екенін ұмытпағайсыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/dream-books/1794041-tsiizde-suga-batu-neni-bildiredi/