Түсіңізде тырнақ көру нені білдіреді
Жарияланған күні:

Тырнақ туралы түс игі істен, қиындықтардан не болмаса өсекке қалудан хабардар етуі мүмкін. Әр түс оны қандай жағдайда көргенге байланысты. Түсті дәл жору үшін танымал түсжорушылардың тұжырымын талдап көрейік.
- Түсінде тырнақ көру әртүрлі жайттан хабардар етуімүмкін: игі іс, қиындықтар немесе өсек-аяңға қалу.
- Мақалада Миллер, Ванга, Лофф, Нострадамус, Цветков және Фрейд сияқты танымал түсжорушылардың тырнақ туралы түсті жорудағы көзқарастары келтірілген.
- Тырнақтың жағдайы (ұзын, қысқа, сынған, таза, лас) мен оған қатысты әрекеттер (алу, бояу, күту) түсті жорудағы маңызды факторлар болып саналады.
Миллердің жоруы
Адам түсінде тырнақ көрсе, қандай да бір бизнеске көп күш жұмсауыңыз мүмкін. Миллердің пайымдауынша, ол бизнестен аз табыс табасыз немесе моральдық тұрғыдан аз қанағаттанасыз.
Тырнақ күтіміне арналған кез келген процедура (тырнақ алу, тырнақ астындағы кірді тазалу, қоректендіру, бояу, сәндеу және т.б.) игі істен хабардар етеді.

Сынған, күтім көрмеген тырнақ сәтсіздік пен денсаулыққа қатысты қиындықтарды көрсетеді, ал тырнақ астындағы кір басыңыздан өтіп жатқан жағдайды сыни тұрғыдан бағаламасаңыз, отбасыңызды ұятқа қалдыруыңыз мүмкін екенін меңзейді.
Ванганың жоруы
Ванга түсте тырнақ көру қиындықты білдіретінін атап өтеді. Түсіңізде тырнағыңыз сынып қалса немесе кірлетіп алсаңыз, күтімсіз болып көрінсе, жұмыста қиындықтар туындауы не сырқаттанып қалуыңыз мүмкін.
Түсжорушы денсаулығыңызды күтуге, дұрыс тамақтануға және кішігірім мәселелерде әріптестеріңізге сеніп қалмауға, жобаларды кейінге қалдырмауға, жұмысты уақытында аяқтауға кеңес береді. Сонда алдағы қиындықтар толығымен жойылады немесе елеусіз өтеді.
Түсінде тырнағына күтім жасап отырғанын көбіне қарапайым, әдепті және өтірік айтуға және екіжүзділікке қабілетсіз адамдар көреді екен.
Лоффтың жоруы
Тырнақ көбіне ағзаның нақты жағдайын көрсетеді. Егер тырнақ өте қысқа, ұқыпсыз, сарғайған болса, онда бұл денсаулықтың сыр бергенін немесе жасырын проблемалар бар екенін көрсетеді. Лофф аса күрделі мәселелердің алдын алу үшін дәрігерге баруға кеңес береді. Әдемі, ұқыпты тырнақтар жақсы жұмыс істеп жатқаныңызды көрсетеді.
Түсіңізде тырнағыңызды тістеп жатсаңыз, бейтаныс адамдармен жақынырақ танысқыңыз келетінін білдіреді. Сондықтан оларды сөзге тартып, жақын танысуға құлықты екеніңізді көрсетуіңіз керек.
Адам түсінде тырнағын алып жатса, жоспарланған сапардан бас тартуға тура келеді.

Егер түсіңізде тырнақты түбіне дейін кесіп тастаған болсаңыз немесе сындырып алсаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Нострадамустың жоруы
Түсжорушы дененің жекелеген мүшесін емес, адам бейнесін тұтастай талдаған.
Оның түс жоруында адамның қандай ортада болғаны (мысалы, айналасындағы биік жартастар өмірді жақсы жаққа өзгертетін үлкен оқиғаны болжайды); өзін қалай ұстағаны (агрессивті бейтаныс адам жердегі ауқымды қиындықтармен байланысты); оның қаржылық жағдайы (кедейлер шығынға ұшырайды, байдың табысы артады) және басқа факторлар маңызды.
Түсіндегі адамдар саны болашақ оқиғалардың кімге әсер ететінін көрсетеді.
Цветковтың жоруы
- Қысқа тырнақ асығыстықты білдіреді;
- Ұзын тырнақ ақталмаған үмітті білдіреді;
- Тырнақ күтпеген жерден өсіп кетсе, күтпеген пайда келеді;
- Адам түсінде тырнағын алып жатса, сәтсіздікке ұшырайды, егер тырнағы бір нәрсеге ілініп қалса, құрмет пен даңқ күтеді.
Фрейдтің жоруы
Психоаналитиктің түсіндіруінше, түсінде тырнақ көргендер адамдарды жыныстық қатынастағы қауіпсіздік алаңдатады. Адам түсінде тырнағын алып немесе тырнағын бояп отырса, ештеңеге алаңдамайтынын білдіреді. Өйткені ондай адам сенімді және тексерілген өнімдерді пайдаланады. Ал тырнақ астындағы кір интимдік тұрғыдан қорғануға көбірек көңіл бөлу керек екенін меңзейді.

Тырнақ жайлы түсті жору үшін оның қандай жағдайда болғанына және қандай әрекет істегеніңізге мән беруіңіз керек. Сондай-ақ түсті жақсылыққа жоруға кеңес берер едік.
Ислам жоруы
Тырнақ туралы түс жауды жеңудің көрінісі болса, түсте тырнақ алу тақуалықты білдіреді.
- Тырнақ сынып қалса, өміріңізге қауіп төніп тұрғанын білдіреді.
- Тырнақты түбінен алып тастау кедейлікті, ал ұқыпты алынған, әдемі тырнақтар керісінше, байлықтың артуына әкеледі.
- Тым ұзын тырнақ шамадан тыс қысымды білдіреді: бастаған ісіңіз соңына жетпеуі мүмкін.
Егер әйел түсінде тырнағын бояса, ол мейірімді, қамқор азаматқа тұрмысқа шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/dream-books/1798060-tsiizde-tyrnak-kru-neni-bildiredi/